Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова адамзат тарихында есімін қанмен жазып кеткен. Мәншүктің майдан даласында жасаған ерлігі барша қазақ ұл-қыздарына үлгі болды. Ол- Кеңес Одағының батыры атағын алған алғашқы қазақтың пулеметші қызы.
Мәншүк Мәметова майдан даласында 3 адамның шамасы әрең келетін пулеметті қолдануды үйреніп, ер азаматтармен бірдей, қиындыққа мойымай, пулеметін арқалап жүріп, шайқастарға қатысқан. Майдандағы жауынгерлер осындай батыр қыз Мәншүкті мақтан етіп, қайсарлық пен ержүректіліктің үлгісін көрді. Қазақтың кішкентай қайсар қызы Мәншүк Мәметова «Максим» пулеметімен талай жау көзін құрта білді. Өзі мерген, өзі қайсар Мәншүк
1943 жылдың 15 қазанында ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Қазақтың батыр қызына Кеңес Одағының батыры деген атақ берілді. Мәншүк Мәметоваға арналып мұражайлар ашылған. Соның бірі Алматы қаласында Асфендияров атындағы медицина университеті алдында Мәншүк Мәметоваға арнап ескерткіш тақта орнатылып және университет мұражайында жеке бұрыш ашылған. Осы ескерткішті және мұражайды тамашалауға Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мекебінің 10 сынып ұландарымен сынып жетекшісі Анар Қажыгерей мен 2-ші оқу рота командирі майор Нұршат Танирбергенов барып қайтты.
Мұражай қызметкері ұландарға Мәншүк Мәметова туралы ақпараттармен таныстырып, мұражай мәліметтерімен бөлісті. Мектеп ұландары өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Мектеп тәрбиеленушілерін мұражайға апару мақсаты- қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмір жолы, жасаған ерлігімен таныстыру, Кеңес Одағының Батыры туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу,елді жаудан қорғаған, елі үшін аянбай шайқасқа түскен азаматтарды құрметтеуге, Отансүйгіштіке, білімді де білікті етіп тәрбиелеу.
Болашақта мектеп ұландары әрдайым Қазақтың батыр қызының есімін құрметтеп, жадында мәнгі сақтап, өз ортасында дәріптеуге ұмтылады. Мәншүк Маметова – елі, халқы, ұлты үшін,оның жарқын болашағы үшін күш-жігерін аямаған батыр қыз. «Ер есімі- ел есінде» деген мақсатпен мұражайға барған ұландар, Мәншүктің өшпес ерлік жолы естеліктері жайындағы алған ақпараттарына тәнтті болып қайтты.