Байланыс 8 777 777 77 77

Хат жазу support@test.com

Мекенжайымыз Алматы қ., Пятницкий көшесі 100

Оқушыларға арналған күннің ішкі ережелері.

1.Жалпы ереже

1. Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас ұлан мектебі тәрбиеленушілерінің осы ішкі күн тәртібі Ережесі ҚР «Білім туралы » заңы, «ҚР балалардың құқығы туралы» ҚР заңы,  Қорғаныс министрінің «ҚР ҚМ қарасты  арнайы атауы бар Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі білім беру мемлекеттік ұйымында қабылдау мен білім беру қызметін  ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы бұйрығы, Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің Жарғысы мектептегі кәмелетке толмаған тәрбиеленушілердің ата-аналары кеңесі және мектептегі тәрбиеленушілерге қатысты тәртіптік шара қолдану мен марапаттау, олардың жауапкершілігі, міндеттері, құқықтары, сейілдемеге шығуы осы ережеге байланысты белгіленді.

2. Мектептегі тәртіп білім беруге қатысты тұлғалардың адами қасиеттерін құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. Тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету немесе психикалық қысым жасауға жол берілмейді.

3. Бұл ереженің талаптарын орындау мектептің барлық тәрбиеленушілеріне  және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне), тәрбиеленушілердің  жалпы білім алуын қамтамасыз етуші тұлғаларға міндетті.

4. Тәрбиеленушілердің ішкі күн тәртібі ережесінің мәтіні ақпараттық стенділерде және мектептің арнайы сайтында ашық түрде қол жетімді етіп орналастырылады.

II.Тәрбиеленушілердің құқығы, міндеті мен жауапкершілігі.

5. Тәрбиеленуші құқылы:

5.1 Тәрбиеленушінің психофизикалық дамуы мен денсаулық жағдайы, оның ішінде, әлеуметтік педагогикалық, психологиялық көмек, психологтер мен дәрігерлердің, педогогтердің тегін көмегін ескере отырып, білім алу үшін қолайлы жағдай алуға;

5.2. Академиялық қарыз пайда болған сәттен бастап бір жыл ішінде, мектеп белгілеген мерзім ішінде оқу пәні, курстар бойынша қайталап (екіден көп емес) аралық  аттесстация өтуіне;

5.3. Мектеп ұсынған тізімнің ішіндегі (модульдер) бағытына  қарай, курстар, таңдаулы (іріктелген міндетті деңгейге қарай) оқу пәндері мен таңдалған қосымша сабақтар (оқытудың міндетті емес деңгейі үшін) таңдауға;

5.4  Қалыптасқан тәртіп бойынша Мектепте оқытылатын (модульдік) курстар, меңгеруге тиіс басқа да, білім беру бағдарламасы негізіндегі оқу пәндері (маодульдік) бойынша кез-келген оқу пәндерін игеруге;

5.5 Денсаулығы мен өмірін сақтауға, жеке тұлғаны қорланбауына, физикалық және психикалық қысым жасаудың барлық түрінен қорғалуға, адамдық қасиетке құрметпен қарауға;

5.6. Еркін ар-ұжданға, өзінің жеке пікірі мен көзқарасын еркін жеткізуге, ақпарат алуға;

5.7 Каникул — ҚР заңнамалары мен оқу  жоспарына сәйкес басқа да әлеуметтік мақсаттар мен демалыс үшін білім алып жатқан уақыттағы жоспарлы үзіліске;

5.8. ҚР білім туралы заңнамаларында қарастырылған тәртіп бойынша Оқу бағдарламасын тиісті деңгейде жүзеге асырушы басқа білім беру ұйымына ауысуға;

5.9 Мектептің Жарғысымен, білім беру қызметін іске асыру туралы лицензиямен, мемлекеттік кредиттеу куәлігі туралы, регламент жасаушы ұйым мен Мектепте білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша, оқыту құжаттарымен, басқа да құжаттармен танысу;

5.10 ҚР заңнамаларының бекітілген тәртібі бойынша Мектептің нормативтік актілеріне шағымдануға;

5.11  Мектептің оқу базасының кітапхана ақпарат қорын  тегін пайдалануға;    

5.12 Мектептің бекітілген ішкі нормативті актісіне сәйкес Мектептің спорттық және мәдени нысандарын, емдік-сауықтыру инфрақұрылымын пайдалануға;

5.13 ҚР заңнамаларына, ҚР құқықтық нормативтік актілеріне сәйкес, көлікпен қамтамасыз етілуге;

5.14 Өздерінің шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын дамытуды бақылауға, олимпиада, көрме, байқау, спорттық және дене шынықтыруға байланысты іс-шаралармен қатар басқа арнайы спорттық және бұқаралық іс-шараларды жүзеге асыруға;

5.15 Оқудағы, спорттағы, қоғамдағы, шығармашылық, эксперименттік және инновациялық қызметтеріндегі жетістіктері үшін марапатталуға;

5.16  Сондай-ақ, тәрбиеленушілерден бекітілген тәртіппен қоғамдық ұйым құруға,  ҚР заңнамаларына сәйкес құрылған қоғамдық ұйымдарға қатысуға;

5.17  Мектептің ішкі нормативтік актісінде, ҚР құқықтық нормативтік актісінде, ҚР басқа құқықтық нормативті актісі мен заңнамаларында қарастырылған басқа да құқыққа ие;

Тәрбиеленуші  міндетті:

6.1 ҚР Конституциясын, жалпы қабылданған ҚР халықаралық келісім шарттары мен халықаралық құқықтық нормасы мен қағидаларын, ҚР басқа да құқықтық нормативті актілері мен заңын, Мектептің ішкі нормативті актілері мен Жарғысы талаптарын сақтауға, Бастықтар мен командирлердің бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға;

6.2 Мектептің білім беру бағдарламасын жауапкершілікпен меңгеруге, жеке оқу жоспарын орындауға, сонымен қатар, оқу жоспарында қарастырылған немесе жеке оқу жоспарындағы сабақтарға қатысуға, сабаққа өз бетінше дайындалуға, оқу бағдарламасының шеңберінде педагог қызметкерлердің тапсырмаларын орындауға;

6.3  Мектептегі білім беру қызметін жүзеге асыруды ұйымдастырудағы мәселелер бойынша тәрбиеленушілердің ішкі күн тәртібі Ережесі мен басқа да ішкі нормативті актілердің талаптарын орындауға ;

6.4 Өзінің денсаулығын сақтауға және шынықтыруға, адамгершілік қасиетке  талпынуға, рухани және физикалық даму мен өзін-өзі жетілдіруге;

6.5 Басқа тәрбиеленушілердің және Мектептің қызметкерлері мен жұмысшыларының ар-намысын құрметтеуге, басқа тәрбиеленушілердің білім алуына кедергі жасамауға;

6.6  Мектеп мүлкіне қамқорлықпен қарауға;

6.7 Әр уақытта таза және ұқыпты, белгіленген киім үлгісіне сай киінуге, киімдерін таза және ұқыпты ұстауға;

6.8 Тәрбиеленуші куәлігін мұхият сақтауға;

6.9 Ұжымда достық қарым-қатынастарды нығайтуға, жолдасына сөзбен де, іспен де көмектесуге, олардың жағымсыз әрекет жасауына жол бермеуге;

6.10  Ұлттық салт-дәстүрге құрметпен қарауға, басқа тәрбиеленушілердің мәдениеті мен түрлі ерекшеліктерн ескеруге, ұлтаралық және дінаралақ келісімді бұзатын әрекеттерге жол бермеуге;

6.11 Мектептің, ротаның және взводтың намысын бағалауға, әскери әдептің ережесін қатаң сақтауға;

6.12  Жеке бастық гигиеналық тазалығын сақтауға, қысқа қиылған шаш үлгісін ұстануға.

7. Тәрбиеленушіге тыйым салынады:

7.1  Шегуге келмейтін темекі өнімдері «насыбай», шегетін қоспа «спайс», темек және темекі өнімдерін, электронды сигарет, энергетикалық сусындар, наркотикалық және уытты заттарды, спирттік сусындарды қолдануға және таратуға, сақтауға, мектеп аумағына алып келуге, сатып алуға;

7.2  Пиротехникалық құралдар мен жарылғыш заттарды, сонымен қатар, істік пышақ, суық қаруларды мектеп аумағына әкелуге, сақтауға, ұстауға;

7.3 Биологиялық қоспалар мен мектеп дәрігерінің бақылауынсыз немесе тағайындауынсыз емдік дәрі-дәрмектерді мектеп аумағына әкелуге, сақтауға, таратуға, пайдалануға;

7.4  Білім беретін тұлғалар мен басқа да адамдарға қатысты күш қолдануға немесе психикалық қысым жасауға, азаматтық, адами қасиеттерге және ар-ожданын қорлайтын соның ішінде, ұлттық ,әлеуметтік, діни төзбеушілікті қоздыратын, алауыздық тудыратын сөздер айтуға және әрекет жасауға баруға;

7.5  Сөз арасында өтірік, бейәдеп, дөрекі сөздер айтуға, басқа адамға лақап ат пайдалануға;

7.6  Алдына саяси және экстемистік мақсат қойған саяси партиялар мен басқа да ұйымдардың құрамына кіруге және тұруға;

7.8  Мектеп аумағын өз бетімен тастап кетуге;

7.9 Мектептің іскерлік беделіне, білім беруге қатысты тұлғалардың ар-намысына нұқсан келетін ақпараттарды ақпараттық-телекомуникациялық «Ғаламтор» желісінде және басқа да әлеуметтік желілерде орналастыруға;

7.10  Күн тәртібінде белгіленген мерзімнен басқа уақытта Мектеп аумағында ұялы телефон пайдалануға;

7.11 Басшылықтың рұхсатынсыз Мектеп аумағында азаматтық киім үлгісін киюге;

7.12  Сырт келбетінде тұрпайылық және айырықша белгі жасауға, соның ішінде шашын бояуға, сақал, мұрт қоюға, сәндік заттар тағуға (сақина алқа, сырға, кулонь, амулет, т.б), денесіне тату және тыртық жасауға;

7.13  Өз бетінше спорттық снарядта жеке оқу жоспарында қарастырылмаған жаттығуларды  және күрес амалдарын жасауға;

7.14  Құмар ойындар ойнауға;

7.15  Мейрамханалар мен барларға баруға;

7.16  Арнайы белгіленбеген жерлерде тамақ ішуге;

7.17  Мектеп аумағы мен орналасу орындарында қоыс тастауға;

7.18  Өрт қауіпсіздігі ережесін, еңбек және санитарлық-гигиеналық норма талартарын бұзуға;

ІІІ. Марапаттау мен тәртіптік жаза шаралары, тәрбиеленушілерге қатысты қолданылу тәртібі

8. Марапаттау мен тәртіптік жаза шаралары, тәрбиеленушілерге қатысты қолданылу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарымен, ҚР ҚМ және ҚР БҒМ нормативтік құқықтық актілерімен, Мектеп Жарғысымен және осы Ережемен белгіленген;

9.  Өз міндетін абыроймен атқарған, жеке басының тәртібімен, оқу үлгерімімен, еңбекқорлығымен озат көрінген тәрбиеленушіге келесі марапаттар қолданылады:

9.1 Алғыс жариялау;

9.2 Мектеп аумағынан кезектен тыс сейілдемеге шығу;

9.3 Ата-анасына, Мектепке дейін оқыған білім беру мекемесіне алғыс хат жіберу;

9.4 Бағалы сыйлықпен марапаттау;

9.5 Мектептің төс белгісімен марапаттау;

9.6 Мектептің Құрмет грамотасымен марапаттау;

9.7 Мектептің Құрмет кітабына тәрбиеленушінің аты-жөнін жазып қалдыру;

9.8 Мектептің Құрмет тақтасына фотосын қою;

9.9 Бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алу;

10 . Мектеп Жарғысы талаптарын орындамаса немесе бұзса, ішкі күнтәртібі Ережесін бұзса, білім беру қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы мәселелер бойынша басқа да ішкі нормативтік актілер мен жатаханада тұру ережесін бұзған тәрбиеленушіге қатысты төмендегі тәртіптік жаза қолданылады:

10.1 Ескерту;

10.2 Сөгіс;

10.3 Мектептен шығару.

11. Тәрбиеленушінің әрбір тәртіптік бұзақылығы үшін тәртіптік жазаның бір түрі қолданылуы мүмкін.

12. Тәртіптік жаза қолданылғанға дейін Мектеп тәрбиеленушіден жазбаша түрде түсініктеме алуы керек. Егер үш оқу күні ішінде тәрбиеленуші тарапынан берілмесе, онда акт жасалынады.

Тәрбиеленушінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы немесе қашқақтауы тәртіптік жазаны қолдануға кедергі бола алмайды.

13. Тәртіптік жазаны қолданбас бұрын Мектеп бастығының немесе өкілетті тұлғаның шешімі бойынша, қажет болған жағдайда тәртіптік бұзақылықтың себебін толыққанды және жан-жақты зерделеу үшін тексеру жүргізілуі мүмкін;

14. Тәрбиеленушіге қатысты тексеру жан-жақты және тікелей жүргізілуі тиіс;

14.1 Тәрбиеленушінің тәртіптік бұзақылық жасауына себеп болған жағдай мен факті;

14.2 Тәрбиеленушінің кінәсі;

14.3 Тәрбиеленушінің тәртіптік бұзақылық жасауына туғызылған жағдай мен себеп;

14.4 Тәрбиеленушінің тәртіптік бұзақылық жасауы салдарынан келген шығын мен сипаты;

14.5 Оның мектепте ары қарай білім алуына кедергі келтіретін жағдайдың болуы мен болмауы.

15. Тексеріс тәрбиеленушінің ауырғаны мен каникулдан келуін есептемегенде бұзақылық жасалғаны белгілі болған сәттен бастап күнтізбелік  он бес күннен аспайтын уақыт ішінде аяқталуы керек.

16. Тексеріс нәтижесі тексеріс аяқталғаннан кейінгі үш күн ішінде Мектеп бастығына жазбаша түрде ұсынылады. Көрсетілген қорытынды ұсынылған күннен бастап бес күн ішінде Мектеп бастығымен бекітіледі;

17. Тексеріс жүргізіліп жатқан тәрбиеленуші, оның заңды өкілдерінің төмендегідей құқықтары бар:

17.1 Өтініш беруге, басқа да құжаттар ұсынуға;

17.2  Мектеп бастығына тексеріс жүргізген қызметкерлердің әрекеті мен шешіміне қатысты шағымдануына;

17.3 Тексеріс нәтижесінің қорытындысымен танысуға, егер бұл мемлекеттік және басқада заңмен қорғалатын құпияны сақтауға қайшы келмесе;

18. Тексеріс нәтижесі бойынша қорытындыда көрсетілуі тиіс:

18.1 Анықталған фактілер мен жағдай;

18.2 Тәрбиеленушіге қатысты нақты қолданылатын тәртіптік жаза шарасын ұсынуға;

19. Егер тәрбиеленушінің іс-әрекетінен әкімшілік құқықбұзушылық немесе қылмыс құрамы анықталса, қорытынды мен тексеріс материалдарын ҚР заңнамасына сәйкес шешім қабылдау үшін білім беру мекемесі тұрған аумақтық ішкі істер органына жолданылуы тиіс.

20. Тексеріс нәтижесі бойынша қорытындыға тексеріс жүргізген қызметкер қол қойып, тексерісті тағайындағын тұлға қол қою арқылы бекітеді.

21.  Тәртіптік жазаны қолданар алдында Мектеп жасалған тәртіптік бұзақылықтың ауыртпашылығын, себебі мен жағдай, тәрбиеленушінің мінез-құлқы, оның психофизикалық және эмоциональдық ахуалы, сонымен қатар, тәрбиеленушілер кеңесі мен Мектептің заңды өкілдері кеңесі мүшелерінің пікірі ескерілуі тиіс.

22. Тәрбиеленуші тәртіптік жауапкершілікке тек анықталған өзінің жасаған тәртіптік бұзушылығы үшін ғана тартылады.

23. Тәртіптік жаза шарасы тәрбиеленушінің ауырған уақытын, каникулдан келуін, сонымен қатар, Мектеп бастығына жазбаша түрде пікірлерін білдірген тәрбиеленушілер кеңесі мен заңды өкілдер кеңесінің пікірін есепке алуға кеткен уақытты есептемегенде, тәртіп бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

24. Он бес жасқа толған, кәмелетке толмаған тәрбиеленуші тәртіп бұзушылықты бірнеше рет қайталап жасаса, Мектептен шығаруға тәртіптік жаза ретінде қолданылады.

25. Егер басқа тәртіптік жаза шаралары мен педагогикалық ықпал ету ешқандай нәтиже бермесе, әрі басқа тәрбиеленушілерге кері әсер етсе, олардың және Мектеп қызметкерлері мен жұмысшыларының құқын бұзса, сонымен қатар Мектептің бір қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірсе, көрсетілген тәртіптік жаза шарасы қолданылады.

26. Егер тәрбиеленушіге қолданылған тәртіптік жаза шарасының мерзімі өтсе немесе қалыптасқан тәртіп бойынша тәртіптік жаза алынған болса, тәрбиеленушіні Мектептен шығару тәртіптік жаза шарасы ретінде қолданылмайды.

27. Тәрбиеленушіге тәртіптік жаза шарасы Мектеп бастығынң бұйрығымен рәсімделініп, шыққан күннен бастап үш сабақ күні ішінде тәрбиеленушінің Мектепте болмағанын есептемегенде тәрбиеленушіге, ата-анасына (заңды өкілдеріне) қол қою арқылы жеткізіледі.

       Тәрбиеленушінің, кәмелетке толмаған тәрбиеленушінің ата-анасының (заңды өкілдерінің) бұйрықпен қол қою арқылы танысудан бас тартуы актімен рәсімделеді.

28. Тәрбиеленуші, заңды өкілдері білім беруге қатысты тұлғалар арасындағы тәрбиеленушіге қолданылатын тәртіптік жаза шарасына қатысты таласты реттеуші Мектеп комиссиясына шағымдануына құқылы.

29. Тәрбиеленушіге қолданылатын тәртіптік жаза шарасына қатысты таласты реттеуші Мектеп комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес шағымдануына болады.

30. Егер тәрбиеленушіге тәртіптік жаза шарасы қолданылған сәттен бастап бір жыл ішінде басқа тәртіптік жаза шарасы қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.

31. Тәрбиеленушіге қолданылған тәртіптік жаза шарасын қолданылған сәттен бастап алты ай мерзім ішінде Мектеп бастығы өз бастамасы бойынша, тәрбиеленушінің, ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтінішімен немесе тәрбиеленушілер кеңесінің, ата-аналар кеңесінің ұсынымы бойынша алуға құқылы.

32. Мектеп бастығының бұйрығымен жарияланған марапаттаулар мен тәртіптік жазалар тәрбиеленушінің жеке тәрбие жұмысы карточкасында есепке алынады.

ІV. Тәрбиеленушілердің күн тәртібі

33. Күн тәртібі тәрбиеленушінің сабақтағы, тұрмыстағы және күнделікті өмірдегі негізгі атқарылатын шаралар уақытын белгілейді.

34.  Күн тәртібін жаңа оқу жылы басталғанға дейін жыл сайын Мектеп бастығы бекітеді.

35. Күн тәртібінде таңғы дене шынықтыруға, таңертеңгі кешкі туалетке, таңғы тексеіске, сабаққа, өзіндік дайындыққа, саптық дайындыққа, ас қабылдауға, тәрбие, мәдени-демалыс, спорттық-бұқаралық жұмыстарға, жеке құрамды мемлекеттік-құқықтық ақпараттандыруға, телебағдарламаларды көруге, жеке қажеттілігіне (1 сағаттан кем емес), кешкі сейілге, тексеру мен 8 сағат 30 минут ұйқы үшін уақыт бөлу қарастырылады.

36.  Жиналыс, мәжіліс, спектакльдер мен кинофильмдер және басқа қоғамдық шаралар кешкі сейілге дейін аяқталуы керек.

37.  Әрбір сенбі немесе демалысалды күні, уақытында, күн тәртібінде көрсетілгендей Мектептің аумағы мен нысаналарын абаттандыру мақсатында парктік-шаруашылық жұмыстары жүргізіледі. Бұл күні негізінен Мектептің барлық үй-жайларын толық жуып-шаю жұмыстары жүргізіледі.

38. Парктік-шаруашылық жұмыстары тылдық қамтамасыз ету бөлімі жасап, Мектеп бастығы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Жоспарланған шаралар басшылыққа уақтылы жеткізіліп отырады.

39. Жексенбі және мереке күндері, сабақтан бос уақытта тәрбиеленушілермен мәдени-демалыс жұмыстары, бұқаралық сауықтыру, спорттық шаралар өткізіледі.

40. Демалысалды және мереке күндері концерт, кинофильм және басқа шараларды әдеттегіден 1 сағат уақытқа кеш аяқтауға рұхсат етіледі. Осыған сәйкес демалыс, мереке күндері таңғы ұйқыдан тұру Мектеп бастығы белгілегендей  әдеттегіден 1 сағат кеш жүргізіледі. Демалыс, мереке күндері таңғы дене шынықтыру өткізілмейді.

Таңғы ұйқыдан тұру, таңертеңгі дене шынықтыру, таңғы байқау

41. Таңертең, таңғы ұйқыдан тұрғаннан 10 минут бұрын, курс бойынша кезекші ротаның кіші командирлерін тұрғызады. Ал, белгіленген уақытта «Ұйқыдан тұру» белгісі бойынша — ротаны жеке құрамы тұрғызылады.

42. Мектеп бойынша кезекші күнделікті жеке құрам таңғы ұйқыдан тұрғанға дейін ауа температурасын, желдің күшін анықтап, киім үлгісін белгілейді және оны бөлімшелерге хабарлап, таңғы дене шынықтырудың сапалы өтуі мен киім үлгісінің сақталуын қадағалайды.

43. Кіші командирлер тәрбиеленушілердің таңғы ұйқыдан тұруы мен белгіленген киім үлгісінің сақталуы қадағалап, өз бөлімшелерін таңғы дене шынықтыруға сапқа тұрғызады.

44. Кіші командирлер жеке құрамның сапқа тұрғызылғаны туралы баяндайды. Мысалы: «Аға лейтенант мырза! Он екінші оқу взводы құрамында 18 адам таңғы дене шынықтыруға  сапқа тұрғызылды. бөлімше командирі сержант Жұмаев».

45. Таңғы дене шынықтыру жексенбі, мереке күндерінен басқа күнделікті 20 минут уақыт жүргізіледі.

Роталарда таңғы дене шынықтыруды кестеге сәйкес рота командирі тағайындағын курс бойынша жауапты өткізеді.

Таңғы дене шынықтыруды тәртібі мен өткізу орынын Мектеп бастығы бұйрығымен анықтайды.

46.  Таңғы дене шынықтыру, бекітілген аумақ пен үй-жайды жиыстырғаннан кейін төсек орын жиыстыру, таңғы туалет, таңғы тексеріс жүргізіледі.

47. Таңғы тексеріс үшін курс бойынша кезекшінің «Курс, таңғы тексеріске сап түзе» деген командасына кіші командирлер белгіленген жерге өз бөлімшелерін сапқа тұрғызады. Курс бойынша кезекші бөлімшені сапқа тұрғызғаннан кейін рота офицеріне жеке құрам таңғы тексеріске дайын екендігі туралы баянат жасайды. Рота офицерінің командасынан кейін кіші командирлер таңғы тексерісті өткізуге кіріседі.

48. Таңғы тексерісте мыналар тексеріледі: тәрбиеленушілердің сапта болуы, олардың сырт келбеті (киім үлгілерінің жағдайы, тарақ, бет орамалдарының таза болуы, белбеу, метал фурнитураларының таза болуы, аяқ киімінің таза болуы)  және жеке бастары гигиенасының сақталуы (қолы, құлағы таза болуы, қысқа шаш үлгісі). Медициналық көмек қажетсінгендерді кезекші аурулар жазба кітабына медициналық бөлімге жіберу үшін жазып алады.

49. Кіші командирлер таңғы тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді жоюға бұйрық береді және олардың жойылғаны туралы рота офицеріне баяндайды.

Жеке бастың гигиеналары ережесін орындау

50. Тәрбиеленушілер жеке басының гигиенасы ережесін сақтауға мыналар енеді:

50.1  Таңғы туалет (жуыну, тіс тазалау)

50.2  Әрбір ас қабылдау алдында қол жуу

50.3  Ұйықтар алдында тіс тазалау, жуыну, аяқтарын жуу

50.4  Уақытында бетін жуу, шашы мен тырнақтарын алу. Тәрбиеленушінің шашы ұқыпты әрі қысқа қиылған болуы керек. Ол жеке басын қорғану мен әскери киім киюге кедергі келтірмеуі керек. Тырнақтары қысқа және ұқыпты алынған болуы тиіс.

50.5  Апта сайын моншада жуыну және ішкиімі мен төсек жабдығын ауыстыру.

50.6  Киім-кешегі мен аяқ киімін және төсек орынын таза ұстау.

51. Мектептің тәрбиеленушілері үшін күнтәртібіне сәйкес тылдық қамтамасыз ету бөлімі моншада жуынуға және монша-кір жуу кешенінде іш киім мен төсек жабдықтарын ауыстыруды ұйымдастырады.

52.   Төсек жабдықтары мен орамалдарды жуу, кептіру, үтіктеу Мектептің монша-кір жуу кешенінде жүргізіледі.

53.  Тәрбиеленушілер киімін өз бетімен жууға монша-кір жуу кешені мен роталарда арнайы белгіленген жерлерде рұхсат етіледі. Жуыну мен кір жуу тәртібі Мектеп бастығы бұйрығымен белгіленеді.

Киім-кешек кептіру роталардағы арнайы жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі.

54. Киім-кешек, төсек жабдықтары мен іш киімдерді арнайы залалсыздандыру Мектеп бастығының бұйрығымен және тылдық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастырумен іске асырылады.

Ас қабылдау

55. Күн тәртібінде белгіленген уақыт қарсаңында ас әзірлеу толық аяқталуы тиіс. Ас таратқанға дейін медицина қызметкері мен Мектеп бойынша кезекші астың сапасын, асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын, ыдыс-аяқтар мен мүкамалдарын тексеруі тиіс. Мектеп бойынша кезекші астың үлес салмағын өлшеуі және ас сапасын қадағалау кітабына нәтижесі туралы жазба қалтыруға міндетті.

56. Күн тәртібінде белгіленген уақытта курс бойынша кезекші жеке құрамды сапқа  тұрғызу туралы команда береді. Кіші командирлер адамдарды түгендегеннен кейін сырт келбетін тексеріп барып рота бойынша жауаптыға немесе старшинаға баяндайды. Солардың командасынан кейін жеке құрамды асханаға алып барады.

57. Мектеп аумағындағы ротаның барлық қозғалысын тәрбиеленушілердің саптық даярлықты арттыру мен меңгеру үшін пайдаланылуы тиіс.

58. Медициналық бөлімде жатқан ауруларға ас арнайы бөлінген, жазбасы бар, жабық  ыдыстарда жеткізіледі.

59. Тәрбиеленушілер асқанаға таза киіммен келуі тиіс. Асханаға бас киіммен, қыстық курткамен, арнайы киіммен (спорттық киім), сонымен қатар тамақ ішетін залға кітап, журнал, газет, папка, қызметтік сөмке, планшет әкелуге болмайды.

60. Асханаға кіру сол жердегі командирлердің бірінің командасы бойынша жүргізіледі. Асханада тәрбиеленушілер өзбетімен ас тарату орнына келіп өз үлесін алып, үстелге отырып, ас қабылдауға кіріседі.

61. Рота бойынша жауапты офицер тамақ ішу залында болып, тәрбиеленушілердің орналасуы мен олардың тәртібін жіне үстелдегі тәртібін қадағалайды.

62. Тәрбиеленушінің асханадағы міндеті:

62.1 Асты сабырлы, тыныш, үстелді былғамай қабылдауға;

62.2 Астың қалғанын үстел үстіндегі арнайы ыдысқа салуға;

62.3 Нанға құрметпен қарауға, ұсатпауға, қалғанын таза тарелкаға салуға;

62.4 Ыдыс-аяқты шебер қолдануға;

62.5 Қажет болған жағдайда үстелден тұруға, жауаптыдан рұхсат сұрауға;

62.6 Үстел үстіне шынтақты шығаруға, бір-бірімен қажет болған жағдайда, сыпайы және ақырын ғана сөйлесуге;

62.7  Ас қабылдап болғаннан кейін өз еркімен ыдыстарды ыдыс қабылдайтын пунктке апаруға, дабырламай, команда бойынша асханадан шығып, сап түзеуге;

Оқу сабақтары

63. Оқу сабақтары күн тәртібінде белгіленген уақытта басталып, аяқталады. Оқу сабақтары басталар алдында курс бастықтары 25 минут көлемінде жеке құраммен таралым жүргізіледі. Таралымда тәрбиеленушілер түгенделіп, олардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

64. Тәрбиеленушілер сабаққа 5-10 минут бұрын рота офицері бастап саппен келеді. Рота офицері болмаған уақытта сабаққа кіші командирлер жетекшілік етеді.

65. Топқа бөлініп оқытатын сабақтарда әрбір шағын топқа кезекші тағайындалады.  Аудиториядағы ішкі тәртіпке взводта құрылған кестеге сәйкес күнделікті тағайындалатын сынып бойынша кезекші жауапты.

66. Кезекші сабақ алдында терезені ашып, сыныпты желдетеді. Тақтаны сүртіп, мұғалімнің қажетті көрнекілік құралдарын даярлауға көмектеседі.

67. Тәрбиеленушілер сыныпқа өз еріктерімен бірінші сабақ басталғанға дейін 5 минут бұрын, келесі сабақтар басталғанға  дейін 1-2 минут бұрын келуге, сабаққа керекті барлық жабдықтарын тексеріп, киімдерін дұрыстап үстелге отыруға тиіс.

68.  Сынып бойынша кезекші сыныпты қарап, желдеткіш терезелерді жауып, тақтаның тазалығы мен мұғалімнің тапсырмасы бойынша көрнекілік құралдар әкелінді ме, бор, тақта сүртетін шүберек бар ма тексереді. Сыныптағы жиһаз немесе сыныптың мүкамалдық заттарының сынғанын анықтаған жағдайда кезекші мұғалімге дереу хабарлайды.

69. Қоңырау соғылғаннан кейін кіші командир мұғалімнің үстелінің жанына келіп сол жағымен сыныпқа қарап тұрады. Мұғалім кірген уақытта «взвод, түрегел» деген команда береді. Осы команда бойынша тәрбиеленушілер орындарынан тұрып, саптық тұрыс үлгісіне келтіріледі. Команданың орындалғанына көзі жеткен кіші командир «Тік тұр» деген команда береді де, мұғалім жаққа бұрылып келіп, 2-3 қадам жерден баянат жасайды. Мысалы: «Майор мырза!  11 взвод құрамында 23 адам алгебра сабағына келді. Бөлімше командирі Ниязымбетов».

70. Мұғалім баянатты қабылдағаннан кейін тәрбиеленушілермен амандасады. Амандасуға жауап алғаннан кейін мұғалім сыныпты, тәрбиеленушілердің киім үлгісін қарайды. Егер ескерту болса тәрбиеленуші рота офицеріне баяндауға міндетті. Бұдан кейін «еркін тұр», «отыр» деген команда беріледі. Бұл команданы кіші командирлер қайталағаннан кейін тәрбиеленушілер отырып, мұғалім сабақты бастайды.

71. Мектеп бастығы немесе оның орынбасарлары сабақ барысында (өзіндік дайындыққа) келіп қалса, бірінші көрген тәрбиеленуші «взвод, түрегел!, тік тұр!» деген команда береді. Отырғандар арасындағы аға бастық келген Мектеп бастығына немесе оның орынбасарларына келіп баянат жасайды. Мысалы: «Полковник мырза! 11-взвод жеке құрамымен әскери-медициналық дайындық бойынша сабақ жүргізіліп жатыр. Сабақ тақырыбы: «Жұмсақ таңу мен олардың жалпы байлау ережелері». Аға оқытушы подполковник Баязитов». Азаматтық персоналдар құрамынан тағайындалған мұғалімдер өздерін тек таныстырады.

72. Жауынгерлік сәлемдесу және «тік тұр!» командасы берілмейді:

72.1  Кітапханада, оқу залында, асханада.

72.2  Атыс сабағында, тирде, қару тазалаған уақытта, спорттық жарыстар мен дене шынықтыру сабағы кезінде.

72.3  Ас қабылдау кезінде және  моншада жуыну барысында.

72.4 Шаруашылық немесе оқу-жаттығу жұмыстары кезінде, шеберханада, гаражда, лабораторияда, телефон мен радио, электро аппаратура тұрған үй-жайларда.

73. Мұғалім мен тәрбиеленушілердің ара қатынасы сыпайы түрде тек «сіз» деп сөйлесуі керек.

74. Сабақ барысында мұғалім атын атамай-ақ «тәрбиеленуші» десе, тәрбиеленуші орнынан тұрып өзін таныстыруы керек. Мысалы: «Тәрбиеленуші Ашықов». Мұғалім жеке өзіне «тәрбиеленуші Абаев» десе, тәрбиеленуші үстелден шығып, саптық тұрыс ұстанып, «Мен» деп жауап беруі керек.  Барлық тәрбиеленушілер тек түрегеп тұрып жауап береді, әрі мұғалімнің рұхсатымен ғана қосымша «құп болады» жеп жауап беру арқылы отырады.

75. Сабақ барысында тәрбиеленушілер міндетті:

75.1 Мұғалім шақырғаннан кейін барлық жағдайда ескертусіз киімін түзеуге.

75.2 Үстелге немесе тақтаға аяқ киімін еденге ұрмай нақты қадаммен келуге.

75.3 Тақтада жауап берген уақытта сыныпқа жартылай қарап тұруға, тақтаның немесе картаның шетіне тұруға.

75.4  Үстелге тасырлатпай отыруға.

75.5 Орнынан жауап берген уақытта үстелден шығып саптық тұрыста тұруға.

75.6 Мұғалімнің үстелінің қасында жауап берген уақытта үстелге нық қадаммен баруға, артқа айналуға, саптық тұрыста тұруға, жауап беру уақытында түзу тұруға және  қолын сермеп жат қылық жасамауға.

75.7 Жауап беруді аяқтағаннан кейін «тәрбиеленуші Зикирьяев жауапты аяқтады» деп баяндауға.

75.8 Оқулықтан мәтін оқыған уақытта оқулықты қос қолдап көзіне 40-50 сантиметр қашықтықта ұстауға.

75.9 Үстел басында түзу отыруға және қолдарын үстел үстінде ұстауға.

75.10  Егер сұрақ қою мәселесі туындаса, үстел үстінен шынтағын ажыратпай қолын көтеруге.

75.11  Мұғалімнің түсіндіргені мен тәрбиеленушілердің жауабын тыңдауға, сөйлемеуге, айқайламауға, бөгде іспен шұғылданбауға, сағыз шайнамауға, тәрбиеленушілердің ойын бөлмеуге, көшірмеуге және жауап беруге әрқашан дайын болуға.

75.12  Өз үстелін ұқыпты ұстауға.

75.13  Оқулықтарға, кітаптарға, мүкамалдарға ұқыппен қарауға.

75.14  Жазбалар мен ескертпелерді тек дәптерге нақты әрі ұқыпты жазуға.

75.15  Сыныпта тазалық пен тәртіпті ұдайы қолдауға.

76.   Үзіліске белгі берілгеннен кейін мұғалімнің «үзіліс» деген командасынан кейін кіші командирлер сынып ортасына шығып «взвод, түрегел!, тік тұр»деген команда береді. Мұғалім «еркін тұр» деген команданы беріп сыныптан шығады. Кіші командир мұғалімнің командасын қайталап, тәрбиеленушілердің үзіліске шығуын бақылайды. Кезекші сыныпты желдетіп, қажет болған жағдайда тақтаны сүртеді.

78.  Тәрбиеленушілер сабақ біткеннен кейін рота офицерінің командасы бойынша саппен қайтады. Офицер болмай қалған уақытта взводты кіші командирлер алып жүреді.

79.  Мектептің орналасу орнынан тыс жерде сабақ өтетін болса, сол жерге барып қайтуды мұғалім қамтамасыз етеді.

80. Тәрбиеленушілер дене шынықтыру сабағын өтер алдында спортзалда немесе ұйықтайтын бөлмелерде киімдерін ауыстырады да киімдерін түзеп қояды.

81.  Кіші командирлер взводты спорттық киім үлгісінде сапқа тұрғызып, бар-жоғын және сырт келбетін тексеріп, взводты сабаққа жібереді.

82.  Оқу сабақтарынан тек нарядта тұрғандар мен медицина бөлімінде немесе ауруханада жатқан тәрбиеленушілер ғана босатылады. Сонымен қатар, жекелеген сабақтардан дәрігердің ұсынысы бойынша мектеп бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары босатуы мүмкін.

Өзіндік дайындық

83. Тәрбиеленушілердің өзіндік дайындығы күн тәртібіне сәйкес рота басшылығының жетекшілігімен ұйымдастырылады. Ол оқу топтарына бекітілген аудиторияларда өткізіледі, сонымен қатар, оқу-әдістемелік сыныптарында, оқу залдары мен спорттық залдарда, атыс тирінде Мектеп бастығының белгілеген бұйрығымен жүргізіледі.

84.   Рота жетекшілігі өзіндік дайындықтың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне және тәрбиеленушілердің пәндерді қамтуына тікелей жауап береді. Өзіндік дайындықтың өтуін қадағалауды оқу бөлімі іске асырады.

Кешкі серуен

85.   Кешке, күн тәртібінде белгіленген уақытта рота офицерлерінің бірінің жетекшілігімен кешкі серуен өткіледі.

86.  Серуеннен кейін курс бойынша кезекшінің «Курс, кешкі тексеріске сап түзе» деген командасынан кейін кіші командирлер өз бөлімшелерін тексеріске тұрғыза бастайды. Курс бойынша кезекші курсты сапқа тұрғызғаннан кейін кешкі тексеріске сапқа тұрғызылғаны туралы баяндайды. Рота офицері «Тік тұр!» командасын бергеннен кейін есімдік тізім бойынша кешкі тексеріске кіріседі. Әрбір тәрбиеленуші өз тегін естігенде «мен» деп жауап береді. Жоқтар үшін кіші командир «сейілдемеде», «ауру» деп жауап береді.

87.  Тексеріс аяқталғаннан кейін рота офицері «еркін тұр» деген команда береді де, келесі күннің кезекшілерін жариялайды және барлық рота жеке құрамына қатысты ақпаратты хабарлап жеткізеді. Соның ішінде, дабыл мен өртке қатысты. Кіші командирлер келесі күнге кезекті тазалық жүргізушілерді тағайындайды. Күн тәртібінде белгіленген уақытта «түнгі демалыс» белгісі беріледі.

88.  Таңғы тексеріс немесе кешкі серуен кезінде бөлімшеде рота командирі болған сәтте оған рота старшинасы тексеріс нәтижесі туралы баяндайды.

89.  Мектептің негізгі іс-шаралар жоспары бойынша ағымдағы оқу жылында жалпы кешкі тексеріс өткізіледі. Есімдік тізім бойынша барлық жеке құрамға кешкі тексерісті рота командирлері жүргізіп, нәтижесін Мектеп бастығына баяндайды.

V. Мектептің орналасу орынынан сейілдемеге шығу

90. Демалысалды, демалыс, мерекеалды, мереке күндері тәрбиеленушілерге Мектеп аумағынан тыс қалалық және үйге сейілдеме берілуі мүмкін.

91. Тәрбиеленушілердің заңды өкілдерінің өтініші бойынша, сағат 20:00-ге дейін қайтып оралатын, Алматы қаласы шеңберінен шықпайтын Мектеп аумағынан тыс қалалық сейілдеме болып табылады.

92. Тәрбиеленушілердің заңды өкілдерінің өтініші бойынша, оқу күні қарсаңында сағат 20:00-ге дейін қайтып оралатын, Алматы қаласынан шығуға болатын Мектеп аумағынан тыс қалалық сейілдеме болып табылады.

93.  Тәрбиеленушіге оқу үдерісінен қол үзіп үйге берілетін сейілдемені тек Мектеп бастығының немесе оны алмастырушы тұлғаның рұхсатымен беріледі.

94. Тәрбиеленушілерге қалалық және үйге жұмыс уақытынан тыс уақытта кейінге қалтыруға келмейтін шұғыл жағдайға байланысты, және оны растайтын құжат негізінде беріледі.

95. Тәрбиеленуші қанағаттанғысыз деген баға алса және оны алдағы апта ішінде түземесе Мектеп аумағынан тыс қалалық және үйге берілетін сейілдемеге жіберілмейді.

96. Қалалық немесе үйге сейілдемеге рұхсат алған тәрбиеленушіге Мектеп аумағынан тыс сейілдемеге шығушыларға нұсқама беру кітабында қол қою арқалы нұсқама жүргізілуі тиіс.

Сейілдеме берілу тәртібі

97. Тәрбиеленушілерге үйге сейілдеме рота командирі жасап, Мектеп бастығы бекіткен тізім негізінде беріледі.

98. Қалалық сейілдемеге шығатындар тізімін дымалысалды және мерекеалды күндері сағат 18:00-ге дейін рота командирі жасап, Мектеп бастығының орынбасары бекітеді.

99. Сейілдемеге шығушылар тізімі бекітілгеннен кейін рота командирі арқылы жеке құрамға жеткізіледі және өзгертуге жатпайды.

100. Тәрбиеленушілердің Мектептен тыс сейілдемеге шығуын рота командирі: қалалық сейілдеме — заңды өкілдердің өтініші мен күн тәртібіне сәйкес Мектеп бастығының орынбасары бекіткен тізім негізінде, ал, үйге шығатын сейілдеме — заңды өкілдердің өтініші мен Мектеп бастығының бекіткен тізім негізінде жүзеге асырады.

101. Заңды тұлғалардың тәрбиеленушілерді қалалық және үйге берілетін сейілдеме кезінде алып жүруіне туысқандарына, жолай сенімді адамдарға берген сенімхаттары нотариус арқылы бекітілген болуы тиіс.

Сейілдемені ұйымдастыру

102. Күнтәртібіне сәйкес сейілдемеге шығушыларға белгіленген уақытта жауапты офицер сейілдемеге шығушыларды сапқа тұрғызып, олардың сырт келбетін: шаштарының алынуын, киім-кешек үлгісі мен аяқ киімінің тазалығы мен жай-күйін, жауынгерлік сәлемдесу және өзін көшеде, басқа да қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауы ережесін білу деңгейін тексереді.

103. Сейілдемеге әзір тәрбиеленушілердің аты-жөнін рота офицері сейілдеме кітабына жазып, нұсқама алып, Мектеп аумағынан сейілдемеге шығу үшін Мектеп бойынша кезекшіге жібереді. Бақылау-өткізу пункітіне сейілдемеге шығушы тәрбиеленушілердің заңды өкілдері мен сенімді тұлғаларынан келгенін тексереді.

104. Тәрбиеленуші Мектепке оралған сәтте Мектеп бойынша кезекшіге, рота бойынша жауапты офицерге сейілдемеден келгені туралы баяндауы тиіс. Мысалы: «Капитан мырза! Тәрбиеленуші Ақжанов сейілдемеден келді. Сейілдеме кезінде ескерту алғам жоқ». Тәрбиеленушінің заңды өкілімен немесе сенімді тұлғамен келуі туралы белгіні Мектеп бойынша кезекші сейілдемеге шығушылар тізімінде жасайды. Ал, рота бойынша жауапты офицер сейілдемеге шығу кітабында.

Тәрбиеленуші сейілдемеден өзі келсе, мектеп бойынша кезекші дереу мектеп бастығына хабарлайды.

105. Сейілдемеде өзін-өзі ұстау ережесі:

105.1 Сейілдемеде болған уақытта әрбір тәрбиеленушінің қолында болуы тиіс құжаттар мен заттар:

а) ұлан куәлігі:

б) тәрбиеленушінің сейілдемедегі тәртібі ережесі туралы жадынама;

в) таза қалта орамал;

г) тарақ.

105.2 Тәрбиеленушіге сейілдеме кезінде тыйым салынады:

а) қалалық сейілдеме кезінде азаматтық киім үлгісін киюге;

б) өзінің киім-кешегі мен құжаттарын беруге;

в) бар, мейрамхана және кез келген сусын ішетін орындарға, ойын клубтарына, сонымен қатар,  бейтаныс және аз таныс адамдардың үйіне, пәтеріне баруға;

г) киім кию үлгісі ережесін бұзуға;

д) Мектеп тәрбиеленушісінің абыройы мен ар-ожданына нұқсан келетін, моральдық-адамгершілік келбетіне сәйкес келмейтін бұзақылық жасауға;

е) жағажайға баруға және арнайы жабдықталмаған жерлерге суға шомылуға;

ж) арнай рұқсат құжатынсыз көлік құралдарын басқаруға;

з)  Сейілдемеге шыққанда немесе қайтқан уақытта кездейсоқ кездескен көлікті пайдалануға;

106. Сейілдемеден уақытында қайта алмайтындай жағдай туындағанда тәрбиеленуші мектеп бойынша кезекшіге және рота бойынша жауапты офицерге хабарлап, Мектепке оралу шараларын қарастыруы керек.

107. Сейілдеме (каникулдық демалыс)кезінде тәрбиеленуші ауырып қалып Мектепке келе алмайтындай болса тәрбиеленуші телефон (телеграф) режимінде бұл туралы Мектеп бойынша кезекші мен рота командирін хабардар етуге міндетті. Мектепке келген күні рота командиріне ауырғанын растайтын құжат (қалыптасқан үлгідегі медициналық анықтама) ұсынуы тиіс.

VІ. Тәрбиеленушілерді Алматы қаласынан тыс жерге шығаруды ұйымдастыру

108. Білім беру үдерісінің мүддесі бойынша тәрбиеленушілерді Алматы қаласынан тыс жерге шығару (жарыстар мен олимпиядаларға қатысы, мұражай, көрмелерге бару, ҚР ҚМ білм беру мекемелеріне бару, және  сол сияқты іс-шаралар) ҚР ҚМ БҒД рұқсаты негізінде және тәрбиеленушілердің заңды өкілдерінің жазбаша берген келісімімен Мектеп бастығының әлдеқайда тәжірибелі қызметкерлердің алып жүруімен ұйымдастырылады. Тәрбиеленушілерді Алматы қаласынан тыс жерге шығару туралы шешім жеке құрам бойынша ҚР ҚМ БҒД бұйрығымен рәсімделеді.

VІІ. Тәрбиеленушілерге келу

109. Тәрбиеленушілерге келу Мектеп бастығының рұқсатымен демалысалды, демалыс, мерекеалды және мереке күндері арнайы жабдықталған Мектептегі келушілер бөлмесінде жүзеге асырылады.

110. Тәрбиеленушілерге келгісі келген тұлға, Мектеп бойынша кезекшінің рұқсатымен келушілер бөлмесіне жіберіледі.

111. Тәрбиеленушілердің отбасы мүшелері және басқа да тұлғалар тәрбиеленушінің өмірі мен тұрмысы жайлы көріп-білу үшін рота командирінің рұқсатымен жатын орындарына, асханаға Мектептің басқа да жерлеріне жіберіледі. Оларды алып жүру және қажетті ақпарат беру үшін рота басшылығынан лауазымды тұлға тағайындалады.

112. Спирттік ішімдік әкелген немесе өзі наркотикалық, уытты заттармен, ішімдікпен мас адамдар тәрбиеленушілерге жіберілмейді. Бөгде адамдарға Мектептін жатын орындары мен басқа да үй-жайларында қонуға тыйым салынады.

113. Астан улануды болдырмау үшін кездесу кезінде келушілердің  тәрбиеленушілерге тез бұзылатын тамақтарды әкелуіне тыйым салынады.