Денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды оқуға түсушілер қабылдау жылын қоса алғанда 1 – 5 тамыз кезеңінде Мектепке ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және құжаттарды қоса тіркеумен мектепке қабылдау туралы өтініш береді.
Мектепке қабылдау қабылдау жылын қоса алғанда, 6 – 20 тамыз кезеңінде конкурстық негізде мынадай 5 (бес) кезеңде жүзеге асырылады:
І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
ІІ кезең – негізгі орта білім беру бағдарламасы бойынша математика және оқыған тілі бойынша тестілеу;
ІІІ кезең – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;
ІV кезең – нормативтер бойынша дене шынықтыру дайындығын тексеру;
V кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Оқуға түсушілерге қабылдаудың әрбір кезеңнен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін оқуға түсушілердің рейтингісін жасауды қамтиды және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді.
Мектепке рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.
Әскери қызметшілердің балалары Заңның 52-бабы 3-тармағымен көзделген талаптар бар болған кезде Мектепке конкурстан тыс қабылдау құқығын пайдаланады.
Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады, апелляцияға өтініштер 21 тамызда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімін қабылдау жылының 22 тамызында Мектептің бастығы бекітеді.
Мектептерге оқуға түскендер оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.
Мектепке оқуға түсуші ұсынатын құжаттар тізбесі
1. Оқуға түсушінің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған кезде), туған күнін, тұрғылықты жерінің мекенжайын, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректерін көрсетумен еркін нысанда оқуға қабылдау туралы өтініш.
2. Туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).
3. Негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
4. Көлемі 3х4 см 4 фотосурет.
5. Медициналық құжаттар және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасының 33-тармағына сәйкес медициналық зерттеулер нәтижелері.
6. Білім беру мекемесінің директорынан мөрі бар ұсыным хат.
7. Спорттық разрядты, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық жарыстардағы, конкурстардағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).
8. Жетім балалар және олардың ата-анасы құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (шектеулі әрекетке қабілетті) деп танылуына байланысты, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайларда жалғыз немесе ата-анасының екеуініің қамқорлығынсыз қалған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған фактісін растайтын мынадай құжаттардың бірінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын) қосымша ұсынады:
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасын ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасын хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (шектеулі әрекетке қабілетті) деп тану туралы) сот шешімі.
9. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда есепте тұрмағаны туралы анықтама.
10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.
Кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК-ға:
1) психоневрологиялық, наркологиялық (наркотестілеудің нәтижелерімен), туберкулезге қарсы және тері-венерологиялық диспансерлерден (кабинеттерден) – олардың есепте тұратыны туралы мәліметтерді (анықтамаларды);
2) басқа да медициналық ұйымдардан:
созылмалы науқастары себебі бойынша диспансерлік есепте тұруы және соңғы он екі ай ішінде жұқпалы және паразитарлық науқастарға шалдыққаны туралы мәліметтерді;
№ 907 бұйрығымен бекітілген мынадай құжаттарды: медициналық анықтаманы (№ 086/е нысаны), амбулаторлық пациенттің медициналық картасын (№ 025/е нысаны), алдын алу егулері картасын (№ 063/е нысаны), болған жағдайда амбулаторлық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені (№ 027/е нысаны);
азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттарды, рентгенограммаларды, арнайы зерттеулер әдістерінің хаттамаларын.
3) медициналық куәландыру басталғанға дейін отыз күнтізбелік күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеулердің:
жалпы қан талдауының;
мерезге микропреципитация реакциясының (микрореакция);
жалпы несеп талдауының;
тыныштық жағдайындағы ЭКГ-ның (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша);
кеуде қуысы ағзаларын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеудің (медициналық куәландыру күніне үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі);
эхокардиографияның қорытындыларын ұсынады.
Медициналық ұйымдардың мәліметтері бойынша адамдарда мектептерге түсуге кедергі келтіретін созылмалы науқастар немесе дене бітімінің кемістіктері бар болса, олар медициналық куәландыруға жіберілмейді.
Мектептерге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
Белтемірге тартылу |
60 метрге жүгіру |
2000 метрге жүгіру |
Балл |
10 |
8.4 |
9.20 |
60 |
8.6 |
9.30 |
55 |
|
9 |
8.8 |
9.40 |
50 |
9.0 |
9.50 |
45 |
|
8 |
9.2 |
10.00 |
40 |
9.4 |
10.15 |
35 |
|
9.6 |
10.30 |
30 |
|
9.8 |
10.45 |
25 |
|
7 |
10.0 |
11.00 |
20 |