Байланыс 8 777 777 77 77

Хат жазу support@test.com

Мекенжайымыз Алматы қ., Пятницкий көшесі 100

Мақсаттары мен міндеттері

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шегінде тегін негізгі орта, жалпы орта білім алу құқығын және мүмкіндігін беру болып табылады.


Міндеттері:

1) ұландардың негізгі орта, жалпы орта білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау, кейіннен әскери оқу орындарына оқу үшін жіберу;

2) бейіндік пәндерді: математика, физика және әскери даярлық, сондай-ақ ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған күшейтілген дене даярлығын тереңдетіп зерделеу;

3) қазақстандық патриотизмді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құндылық қатынасын тәрбиелеу;

4) ұландарға жоғары адамгершілік, моральдық-еріктік және психологиялық қасиеттерді сіңіру;

5) ұландарға құқықтық тәрбие беру, құқықтық сананы, жоғары құқықтық мәдениет пен тәртіпті қалыптастыру;

6) болашақ офицердің жоғары рухани және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұландардың эстетикалық дамуы;

7) салауатты өмір салтына, дене бітімін жетілдіруге қажеттілікті тәрбиелеу;

8) мемлекеттік мекеменің дәстүрлерін қалыптастыру және дамыту;

9) әскери оқу орындарында оқу үшін ұландарды даярлау мақсатында әскери-кәсіптік бағдарлау;

10) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, оларды білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу және әскери білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінде бекіту.