Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

КВН Жайдарлы «Жас ұлан»

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде 2019 жылдың 1 қараша күні мектеп тәрбиеленушілері арасында КТК сайысы өтті. «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған шараға оқу роталарының тәрбиеленушілерінен құралған 4 топ қатысып, өзара бақ сынасты. Тәрбиеленушілер әскери өмір, елдегі жалпы ахуалдар, Қазақстандағы футбол спортының жағдайы, тағы да басқа түрлі тақырыптардағы әзілдермен көрермендерді күлдірді.

Топтар «Сәлемдесу», «5 жаңалық», «Көрініс»  атты 3 кезең бойынша сайысқа түсті. Барлығы 4 топ қатысқан ойында 4-оқу ротасының «Генералдар» тобы жеңімпаз атанды. Өздерінің өткір ойлары мен  керемет қалжыңдарымен көпшілікті тәнті еткен «Генералдар» бір ауыздан үздік деп танылып, сайыстың гран-приін жеңіп алды. 3-оқу ротасының «Ұлы дала ұландары» тобы өздерінің осал емесін дәлелдеп І орынды иеленсе, ІІ орынды 1-оқу ротасының «Ауылдан қашқандар» тобы алды, ал 2-оқу ротасының «Арландар» тобы жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Қазылар алқасының төрағасы, мектеп бастығының орынбасары (Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) – басқарма бастығы подполковник Е.Құлжанов талантты да талапты жастарға талмас қанат тілей отырып,  «…әскери мектепте білім алып жүрген жас ұландарды шығармашылыққа, өнерге баулитын мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұруы тиіс, тәрбиеленушілеріміздің сахна төрінде де өздерін жақсы көрсете алатынын дәлелдеу үшін КТК сайысын ұйымдастырғанды жөн көрдік. Мұндай іс-шаралар ұландардың түрлі қабілеттерінің ашылуына ықпалын тигізетіні анық. Болашақта мұндай шаралар әлі де ұйымдастырылып тұрады»,-деді. Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған көңілді тапқырлар сайысына қатысқан тәрбиеленушілердің барлығы да әзілді түсінетін, күлкіні сүйетін жастар болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *