Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

«Жас сарбаз – «Жастар жылында»

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебіне 2019 жылдың 30 қараша күні Қарағанды облысы Балқаш қаласынан «Жас сарбаз» кадет сыныбы саяхаттап келді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ашылған «Жас сарбаз» кадеттік сыныбының болашақта әскери маман болуды жоспарлаған жасөспірімдерге тигізер ықпалы өте зор.

«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты- жасөспірімдердің әскери-патриоттық сезімдерін арттыру, оларға алғашқы әскери дайындық дағдыларын көрсету, жастар арасында спортты және салауатты өмірді насихаттау, ерік-жігерді тәрбиелеу болып табылады. Өз елінің тарихын жете білген, батырлары туралы мәліметті толық білетін, рухани және физикалық тұрғыдан толық дамыған адам ғана елін еркін қорғай алатыны белгілі. Сондықтан да Қарағанды облысы Балқаш қаласынан  келген жас сарбаздарды мектеп тарихымен таныстыру мақсатында мектеп мұражайына саяхат жасалып, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен еңбектері, мектептің бұрынғы басшылары бейнеленген тақта таныстырылды. Сонымен қатар жас сарбаздарға пән мұғалімдері мектептегі лингафон, информатика, алғашқы әскери дайындық кабинеттерінің жабдықталуын, спорт кешенін көрсетті. Рота командирлері мен старшиналар мектеп тәрбиеленушілерінің жатын орындары мен тыныс-тіршілігін таныстыру мақсатында 2-оқу ротасының казармасын аралатты. Жас сарбазшылар кездесуден өте жақсы әсер алды. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу соңында жас сарбаздар мектеп басшыларымен, рота командирлері, тәрбиеленушілерімен бірге мектеп алаңындағы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне естелік суретке түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *