Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

«Жалпы қылмыс және әскери қылмыстар үшін жауапқа тартылу жайы» тақырыбында дәріс өткізілді

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде 2020 жылы 13 ақпанда Алматы гарнизоны Әскери полициясының өкілі әділет аға лейтенанты Е.Тагаев мектеп жеке құрамына «Жалпы қылмыс және әскери қылмыстар үшін жауапқа тартылу жайы» тақырыбында дәріс өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – қоғамда кездесетін түрлі қылмыстардың  алдын алу, әскери қызметшілер арасында кері ықпалын тигізіп жатқан жат қылықтар мен әрекеттер туралы кең көлемде мағлұмат беру және сақтандыру. Сонымен қатар жасалынған қылмыстар үшін қолданылатын жазаларды ұғындыру.

Жеке құрамға дәріс өткізген  әділет аға лейтенанты Е.Тагаев ҚР қолданыстағы заңдар мен әскери Жарғы талаптарын орындаудың маңызды екенін айта келе, қылмысқа барған адамдарға тәртіпке шақыру мақсатында қолданылатын жазалар туралы айтты.

Дәріс барысында бейнероликтер көрсетіліп, мектеп жеке құрамы өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды. Кездесу өте жақсы деңгейде өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *