Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

Талапкер-2020

Еліміздегі беделді оқу орындарының бірі — Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебіне 2020 жылдың 3-7-тамыз аралығында жаңа оқу жылына бүкіл әлемге тараған «Covid-19» індетінің өршуіне орай республика бойынша енгізілген карантинге байланысты онлайн түрде құжат қабылданды. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбын бітіріп, негізгі орта білім туралы куәлік алған жастар мектепке құжаттарын тапсырып, бақ сынады. Жылдағыдай балалар кәсіби-психологиялық  тестілеуден, дене даярлығы мен медициналық тексерістен өткен жоқ. Қабылдау комиссиясы мектепке тәрбиеленушілерді негізгі орта білімі туралы куәліктің орташа ұпайына сәйкес және 086-медициналық анықтама нәтижелері бойынша оқуға қабылдау туралы шешім шығарды.

         Мектептің электронды сайтында әскери мектептің оқу үдерісі мен бағдарламасы туралы, мектепті бітіргеннен кейінгі мүмкіндіктер мен балалардың келешегі туралы түсіндірме ақпараттар бар.

         Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі — жалпы білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді және шет тілін, әскери білім мен күшейтілген дене даярлығын іске асыратын оқу орны екенін атап өткен жөн. Бұл мектептен құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін отыз жеті лек ұландықтар түлеп ұшты. Бүгінгі күні олар Құрлық әскерлерінің әскери институтында, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, т.б. жоғары әскери білім ордаларында білім алуда. Мектепті аяқтағандардың 80 пайызы әскери бағыттағы жоғары оқу орындарына түсіп, білімін жалғастырады.

         Мектепке құжат тапсырған 472 талапкердің ішінен білім деңгейлері жоғары, дене даярлықтары мықты, денсаулық жағдайы бойынша жарамды 184 ұлан қабылданды.

         Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке құжат тапсырып, бақтары жанып, қабылданған бозбалаларға «жас ұлан» деген атты абыроймен алып жүріп, болашақта еліміздің тыныштығын күзететін әскери маман болуларына тілектеспіз.

                                                                                         Гүлзия Қадырқұлова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *