Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

1-қыркүйек — Білім күні

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде «1-қыркүйек – Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мемлекеттік тілді және шет тілін тереңдете оқытатын, күшейтілген түрде дене даярлығымен айналысып, әскери пәндерді зерделейтін оқу орнының биылғы алғашқы қоңырау іс-шарасы өзгеше форматта өтті. Салтанатты іс-шарада мектеп бастығы полковник Батырбаев Манат Болатұлы мектеп ұстаздары мен офицерлерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. «Біздің күшіміз – біздің бірлігімізде», сондықтан да осынау қиын кезеңде барлығымыз бір жұдырықтай жұмылып, тәрбиеленушілерге сапалы білім беруіміз қажет. Дәл қазіргі сәтте тәрбиеленушілердің білім деңгейі ғана емес, денсаулығы мен моральды-психологиялық жағдайы да аса маңызды.

Коронавирус пандемиясына байланысты биылғы оқу жылының І тоқсанында мектеп тәрбиеленушілері қашықтықтан оқытылуда. Жаңа форматта оқыту әсіресе ұстаздар қауымының жоғары біліктілігін талап ететіні анық. Сондықтан да ұстаздар қауымына мықты денсаулық, сабырлылық пен шыдамдылық тілеймін.

Жалпы мектебіміздің ұжымы өткен жылы жемісті еңбек етті. Әсіресе ұстаздар қауымы мен офицер мырзаларға айтар алғысым шексіз. Мектебіміздің ұжымына жаңа оқу жылында жемісті еңбек пен шығармашылық табыс тілеймін» — деді мектеп бастығы.

Мектеп әскери қызметшілерінің атынан сөз сөйлеген 3-ротаның взвод командирі 3-сыныпты сержант Мүшебаев Руслан мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымын  жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап,  жақсы көңіл-күй мен күш-жігер тіледі.  

Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, бойындағы білім нәрін шәкірттеріне берген ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі ұшан-теңіз. Ұстаздар атынан сөз сөйлеген информатика пәнінің мұғалімі  Малкаева Анар Жұмағалиқызы коронавирус пандемиясы жағдайында қашықтықтықтан оқыту ұстаздар қауымынан жоғары біліктілік пен шыдамдылықты талап ететіндігі туралы айтты.

Салтанатты митинг мектеп ұжымының аз санымен, карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. Білім күні құтты болсын. Еліміздің беделі асқақ болсын.

                                         Г.Кадыркулова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *