Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде 2020 жылдың 14-23 қыркүйек аралығында «Жеке және отбасылық шиеленістерді ескерту, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларына жол бермеу» тақырыбында онкүндік өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – суицидтің алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейтін жағдайлар, жеке тұлғаның жан дүниесі мен психологиясына әсер ететін факторлар туралы кең көлемде мағлұмат беру.
Онкүндік барысында мектеп психологтары жеке құрамның өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігін және депрессивті мінез-құлқын анықтау бойынша психологиялық зерделеу тестін (FPI, CP-45) және ұжымдағы «аутсайдерлерді» және шеттететіндерді (ұжымдағы беделі төмен) анықтау мақсатында социометриялық зерделеу жүргізді.
17-қыркүйек күні қаржы бөлімінің бастығы аға лейтенант А.Келдыбаева және мектеп заңгері майор Б.Шерниязов офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен олардың қаржылық және заңдылық сауаттылығын арттыру мақсатында және әскери қызметшілердің ойынқұмарлықтың зияндығы туралы (қаржылық мәселелер, отбасының бұзылуы, өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндігі және т.б.) туралы ақпараттық-тәрбие жұмысын жүргізді.
18-қыркүйек күні «Свободные люди» Республикалық орталығының бастығы Ю.Б.Васильева «Тұлғалық және отбасылық конфликтердің алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау» тақырыбында психологиялық ағарту сабағын өткізді.
21-қыркүйек күні мектеп социологы А.Мұратхан әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, тәрбие құрылымдары офицерлерімен және сержанттар құрамымен бірлесе қаржылай және тұрғын үй-тұрмыстық қиыншылықтарды көріп жатқан әскери қызметшілердің отбасыларына, көп балалы және жас отбасыларға ерекше назар аударып, сұхбат жүргізді.
Іс-шара барысында мектептің әскери қызметшілерінің суицидке бейімділіктерін анықтау мақсатында жасырын сауалнама алынып, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінен статистикалық мәліметтер келтіріп, бейне слайдтар көрсетілді.