Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

«ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ»

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы полковник М.Батырбаев жеке құрамға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын талқылады. Жиналғандар жолдауда әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат беру, «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму» “5-20-25” бағдарламасы, “Аңсаған сәби” арнаулы бағдарламасы,  қолжетімді әрі сапалы білім жобасы,  денсаулық сақтау саласын дамыту, экология және биологиялық әркелкілікті қорғау, әділетті мемлекет, цифрландыру, ұлттың жаңа болмысы,т.б. мәселелердің көтерілгенін қуанышпен қабылдады.    Мектеп бастығы полковник М.Батырбаев: «Әрбір әскери қызметші Жоғарғы Бас Қолбасшының талаптарын қатаң басшылыққа алуы тиіс. Әскери қылмыстар, бұйрықтардың орындалмауы үшін жауапкершілік жоғары, қорқақтық, сезімсіздік сияқты қасиеттер болмауы қажет. Әскери қызметші әсіресе, дағдарыс жағдайында өзіне сенімді болуы керек. Әскери қызметшілер әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге, БАҚ-қа қандай да бір түсініктеме беруден, сондай-ақ деструктивті идеяларды талқылау және тарату жүргізілетін әлеуметтік топтарға (пабликтерге) қатысудан бас тартуы тиіс»-деді. Сонымен қатар, мектеп басшысы Жолдауды жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік бөлімінің басшылығына білім беру формаларының өзгеруіне байланысты оқыту сапасын арттыру мақсатында нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *