Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

Ұстазға тағзым

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде 2020 жылы 3 қазан күні  жаңа оқу жылымен қатарлас келетін «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ұстазға тағзым» атты іс-шара өткізілді. Салтанатты жиын мектеп бастығы полковник Батырбаев Манат Болатұлының ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтау сөзімен ашылды.

«Халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген. Тәрбиелеп отырған ұландарымыздың  көзқарасы мен сенімін қалыптастырып, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге бағыт-бағдар, білім мен тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгіп, қоғамға бейімдейтін сіздерсіздер. Сіздердің қолдарыңызға еліміздің болашағы — жас ұрпақ аманат етіп табысталған. Сондықтан Сіздердің көтерген жүктеріңіз  ауыр, еңбектеріңіз өлшеусіз.     Сіздердің қиын да қызықты шығармашылықпен өтетін  әрбір күндеріңізге сәттілік  тілеймін»-дей келе ұстаз сөзінің қасиетті ұғым екенін атап өтті.

Ұстаздар атынан сөз сөйлеген оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы Шакирова Ботагөз Бекмырзақызы ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтап, мұғалімнің біліктілігін шәкіртінің нәтижелері арқылы көруге болатындығын атап өтіп, оқу жылындағы мектеп тәрбиеленушілерінің көрсеткен жоғары нәтижелері туралы айтты. Офицерлер атынан сөз алған 2-оқу ротасының командирі майор Тәңірбергенов Нұршат Мұхтарұлы мектеп тәрбиеленушілеріне мектеп абыройын, ұстаздары мен ата-аналардың үмітін ақтап, Бауыржан Момышұлындай ержүрек батыр болулары үшін барлық күш-жігерлерін салулары керектігін айтты.»Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз» — демекші, ұстаздардың құрметіне мектептің өнерлі тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. Тәрбиеленушілердің атынан ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылды. Жиын соңында мектеп басшылығы ұстаздарға гүл шоқтары мен құттықтау қағаздарын табыс етіп, тәрбиеленушілер хоры «Ұстазым» әнін шырқады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *