Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

Қарттарымыз-қазынамыз

Үлкенді сыйлау, оларға лайықты құрмет көрсету — ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз. «1-қазан — Халықаралық қарттар күні» мерекесі қарсаңында Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің бір топ тәрбиеленушілері өз рота командирлерімен бірге  Алматы қаласында тұратын Ұлы Отан соғыс ардагерлерін  құттықтап барды. Халқымызда «қарты бар ел- қазынасы бар ел» деген қанатты сөз бар. Ұлы Отан соғыс ардагерлері тәрбиеленушілерге өмірден көрген- түйгендерін, соғыс тауқыметін, соғыстан кейінгі  тұрымыс қиыншылықтарын айтып, жас ұрпаққа тәлімді әңгімелер айтты. Тіршілік бар жерде жастар өсіп, ұрпақ  жаңаратыны сөзсіз. Қазыналы қарттарға гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын ала барған тәрбиеленушілер олардың өнегелі әңгімесін тыңдап, батасын алып қайтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *