2020 жылдың 28 қыркүйегі мен 30 қараша аралығында онлайн форматта өткізіліп жатқан «Айбын-2020» VІ Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының 1-кезеңі — «Біз біргеміз» челлендждер байқауынан мектебіміздің командасы жүлделі 1-орын иеленді.Жиынның ресми сайтында және «Айбын» мобильдік қосымшасында өткізілген сайыста мектеп тәрбиеленушілері сайыс ережесі бойынша «Біз біргеміз» тақырыбына сай бейнекөріністерді өте жоғары дәрежеде көрсетті. Республика бойынша енгізілген карантинге байланысты мектеп тәрбиеленушілері онлайн оқытылуда. Сондықтан әр ұлан өз үйінде карантин талаптарын сақтай отырып, бағдарлама бойынша сабағын оқып, физикалық жаттығуын жасап, дене даярлығын күшейтуде. Мектеп атынан сайысқа қатысып жатқан ұландарға алдағы «Айбын дарыны» зияткерлік ойынында, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында, «Смарт Сарбаз-2020» робототехника бойынша өнертапқыштық байқауында және әскери-қолданбалы спорттың түрлері бойынша жарыстардан да үздік нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындар иеленулеріне тілектеспіз. Алға, жігіттер!