Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

КІТАП — ДОСЫҢ, АҚЫЛШЫҢ

«15-қазан-кітапханашылар күні» мерекесіне орай Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Мектеп бастығының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) — басқарма бастығы подполковник Е.Құлжанов кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Мектеп кітапханасының қорында 15282 кітап бар. Олардың 10350 мектеп оқулықтары болса, 4932 көркем әдеби кітаптар. Халық қазынасы — кітаптарды қамқорлыққа алып, оқырманның рухани баюына ықпал ететін кітапханашылардың еңбегі орасан зор. Кітапхана меңгерушісі Р.Шалдамбаева: «Халқымызда «Кітап — білім бастауы» деген сөз бар, біз- кітапханашылар әрдайым кітап мәртебесін көтеріп, мектеп әскери қызметшілерін елімізде болып жатқан саяси-мәдени оқиғалардан құлақдар етіп, тәрбиеленушілердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын оятудамыз»-деді.

         Мектебіміздің білікті кітапханашыларын төл мерекелерімен құттықтап, қызықты да әрқилы еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *