Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

Абайды оқы, таңырқа

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханасында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абайды оқы, таңырқа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Көрменің басты мақсаты — қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың бүгінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған түрлі жанрдағы шығармаларын кеңінен насихаттау.  

         Тәлімі мол көрмеде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын құнды дүниелер қойылды. Экспозиция «Абай және М.Әуезов», «Абай және әлем әдебиеті», «Абайды оқы, таңырқа», «Артық ғылым кітапта» деген бөлімдерден тұрды. Кітапхана оқырмандарына Абайдың түрлі жанрдағы шығармалары: таңдамалы өлеңдері, философиялық, сатиралық, лирикалық өлеңдері мен қарасөздері, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар ұсынылды. Көрмеге келген әскери қызметшілер ақынның мұрасымен, оның шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдардың жұмыстарымен танысты. «Абайдың шығармалары — мәңгі өшпес мұра, жас ұрпақтың тәрбиесінде ақын шығармаларын жиі қолдануымыз керек»-дейді 3-оқу ротасының офицер-тәрбиешісі майор Я.Асанов. Абайды оқимын, оның шығармаларын тереңірек танығым келеді деп көрмеге қызығып келген әскери қызметшілер тағы бір мәрте рухани мол мұрадан сусындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *