Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

Берекелі мереке

«15-қараша — ұлттық валюта — теңге күні» мерекесіне орай мектеп ұжымы қаржы бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. 27 жыл бұрын айналымға енгізілген ұлттық валютамыздың мәртебесі бүгінгі күні өте жоғары. Кәсіби біліктілік пен жауапкершілікті талап ететін есепші мамандығын таңдап, сол салада аянбай еңбек етіп жүрген бас есепші аға лейтенант Ә.Келдыбаева басқарып отырған бөлімнің мамандары — өз істеріне шынайы берілген, тәжірибелі, жоғары білікті мамандар. Мектеп бастығының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) — басқарма бастығы подполковник Е.Құлжанов: «Сіздерді мектеп ұжымы атынан кәсіби төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздер өз  тәжірибелеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосудасыздар. Еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспін» -деді. Еліміздің қаржысы ортаймасын, ырыс-құты арта берсін, несібеміз мол болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *