Жүлделі 2-орын

2020 жылдың 28 қыркүйегі мен 30 қараша аралығында онлайн форматта өткізілген «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқан мектебіміздің командасы жүлделі 2-орын иеленді. Жиынның ресми сайтында және «Айбын» мобильдік қосымшасында өткізілген сайыста мектеп тәрбиеленушілері сайыс ережесі бойынша «Біз біргеміз» челлендждер байқауында, «Айбын дарыны» зияткерлік ойынында, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында, «Смарт Сарбаз-2020» робототехника бойынша өнертапқыштық байқауында және әскери-қолданбалы спорттың түрлері бойынша жарыстардан да үздік нәтижелер көрсетіп, барлық тапсырмаларды өте жоғары дәрежеде орындады. Мектеп атынан сайысқа қатысқан ұландарды құттықтаймыз. Дендеріне саулық, оқуда озат болып, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

Мектеп ұжымы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *