Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

Жаңа оқу жылы басталды

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде 2020 жылдың 30 қарашасында 2020-2021 оқу жылының басталуына орай дәріс өткізілді. Мектеп бастығы жеке құрамды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап және мектеп жек құрамының алдында тұрған мақсат-міндеттермен таныстырды. Әр оқу роталары бірін-бірі жауынгерлік сайысқа шақырып, өздеріне жауынгерлік міндеттер алды. Бұдан кейін мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы бойынша жеке құрам мен азаматтық персоналдарға «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жоғары жауынгерлік әзірлікті қолдау бойынша тапсырмалар» тақырыбында дәріс өткізілген мектеп бастығы полковник М.Батырбаев: «Конституцияға сай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі қызмет-бұл әрбір азаматтың қоғамда жоғары бағаланатын қасиетті және құрметті міндеті». 2020-2021 оқу жылында жоғары жауынгерлік әзірлікті қолдау, жауынгерлік сайыс пен әскери тәртіпті нығайту бойынша Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшымыздың бізге қойған тапсырмаларын толық орындау – міндеттіміз. Биылғы жылдың жауынгерлік ұраны: «Ұлы дала әскері – тәуелсіздік тірегі!» — деді. Жиынға мектептегі әскери қызметкерлер толығымен қатысып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2020-2021 оқу жылына қойған тапсырмаларын пысықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *