Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

Ел тірегі — Елбасы

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде 2020 жылдың 30 қарашасында «1-желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға мектеп әскери қызметшілері, ұстаздар және азаматтық персоналдар қатысты. Мемлекеттік әнұран орындалып, шара жүргізушісі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасаған соң мектеп бастығы полковник М.Батырбаев құттықтау сөз сөйледі. «1-желтоқсан — ел тарихы үшін елеулі күн. Еңсесі биік іргелі елге айналып отырған егеменді Қазақстанның тарихында елеулі кезеңдер көп болды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихымызға көз жіберсек, жақсылықтарымыз өте көп. Ең бастысы, Қазақстан қарыштап дамып келеді. Мұның бәрі елдің ауыр жүгін арқалаған сенімді де алғыр басшы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігі мен қырағылығының арқасы. Н.Ә.Назарбаев «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»-деген.Баршаңызды тағы да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» — деді мектеп бастығы.

         Мектеп фойесінде кітапханашылар тақырыпқа сай көрме жасады. Көрмеге Елбасының өмірбаянын, саяси еңбек жолын ашатын деректер келтірілген жинақтар, кітаптар мен суреттер қойылды. 

         Мұнан соң мектеп абыройы үшін аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға алғыс жарияланып, құрмет көрсетілді. Мектеп бастығының құттықтауынан соң Елбасы мен елдік туралы әндер шырқалып, көпшілік көңілі көтерілді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *