Позвонить 8 777 777 77 77

Написать support@test.com

Наш адрес г. Алматы, ул. Пятницкого 100

ҚАЗАҚТЫҢ ХАС БАТЫРЫ — БАУЫРЖАН

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде 2020 жылдың 24 желтоқсанында Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай мектептің үлкен алаңында іс-шара ұйымдастырылды. Туған еліне, жеріне, еліміздің ата Заңы мен заңды сайланған Президентіне адал қызмет ететін болашақ Отан қорғаушы жауынгерлерді дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің офицерлер құрамы мен ұстаздар қауымының ұстанған бағыты мен көздеген басты мақсаттарының бірі — тәрбиеленушілерге Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының тұлғалық бейнесін, ерлік қасиеттерін ұғындырып, жас ұрпақ бойына отансүйгіштік сезімін ұялатып, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйретіп, шымыр да қайратты, отаншыл жастарды дайындау.  

Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылған іс-шара тәрбиеленушілердің мектеп алаңында орнатылған Батырдың ескерткішіне гүлшоқтарын қойып, тағзым етуімен жалғасты. Мерекелік іс-шараға, полковник Утешев Пулат Нуралбаевич, мектептің 2000 жылғы түлектері және т.б. сыйлы қонақтар келіп, өнегелі, ғибратты әңгімелер тыңдалды. Алғашқы құттықтау сөз жас ұрпақты егеменді еліміздің берік тұтқасы, сенімді қорғаны, білімді, саналы азаматы етіп тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген мектебіміздің бастығы полковник Батырбаев Манат Болатұлына берілді. Мектеп бастығы мектеп қонақтары мен ұжымын Бауыржан Момышұлының 110 жылдығымен құттықтап, батырдың өмір жолынан деректер келтіріп, «баршаңызды батырдың рухы қолдап-қоршап жүрсін» деп тілек білдірді.

Білім алып, үлкен өмірге аттанған мектеп қабырғасына, Бауыржан атаның рухына тағзым ете келген мектептің 2000 жылғы түлектерінің атынан С.Андербаев сөз сөйледі. Мектеп мұғалімдерінің атынан ұлағатты ұстаз, запастағы подполковник Елдос Нукурбанович Нугманов ыстық лебізін білдірді. 

Мерекелік іс-шарада «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында 2-орын иеленген мектеп тәрбиеленушілерін құттықтап, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  тәрбиеленушілерге жаңа жыл қарсанында бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Бауыржан Момышұлының өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен алғырлығы — үлкен өнеге мектебі. Елі үшін, жері үшін аянбай қызмет еткен, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Отан қорғауда тайсалмаған қаһарман ұл, қайсар қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған күнін жыл сайын дәріптей отырып, Батырдың биік тұлғасын тереңірек танып, оның өнегелі ерлігін бүгінгі жас ұрпаққа  барынша үлгі етіп, санасына құю — біздің міндетіміз.

Ұлтын, қазағын ардақ тұтқан батыр Бәукең туған елімен бірге мәңгі жасай береді. Батыр Бауыржан атамыздың рухы барлығыңызды қорғап жүрсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *